«ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2025 жылдың 18 ақпан күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи: рухани мұра және заманауи қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.:
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
- Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасын хасихаттау.
- Заманауи қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту.
- Ұлттық бірегейлік сақтау және дамыту.
- Ғылыми және мәдени алмасу.
- Жастардың рухани-ағартушылық деңгейін көтеруі.
- Халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар: Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ тарих ғылымдарының докторы, проффессоры Кылынчкая Мехмет Дервеш, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мансуров Нурлан Берденұлы және Шымкент университетінің студенттері.
Дөңгелек үстелді «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы дөңгелек үстелдің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып, келген қонақтарды таныстырып, дөңгелек үстелді ашып берді.
Дөңгелек үстелде Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаяны, тағылымы, кесенесі және рухани мұрасы туралы баяндамалар оқылды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ тарих ғылымдарының докторы, профессоры Кылынчкая Мехмет Дервеш Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен рухани мұрасы туралы білім алушыларға тың ақпараттар берді.
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мансуров Нурлан Берденұлы да Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы туралы білім алушыларға баяндама жасады. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде «Медицина» мамандығының 2 курс студенті Уалихан Перизат Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаяны, ғылыми тағылымы туралы баяндама жасады. «Медицина» мамандығының 2 курс студенттері: Әбдіманап Нұрдаулет, Сарманова Жанеля, Сағат Ақмерей Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқып берді. «Фармецевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенттері: Төрегелді Сымбат – Ясауи ілімі туралы, Жалал Аружан – Ясауи кесенесі туралы, Қарабек Жібек – Ясауи кесенесін заманауи туризм орталығына айналдыру мәселелері туралы баяндама оқыды.
Дөңгелек үстелді «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының социология ғылымдарының кандидаты, проффессоры Ертаев М.А. қорытындылап, келген қонақтарға алғысын айтып, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы, жастар тәрбиесіндегі рөлі, Ясауидің рухани қағидалары қазіргі әлеуметтік мәселелерді шешуде қолданылуы мүмкін еккендігі туралы айтты. Сонымен қатар, Діни радикализмнің алдын алу мақсатында Ясауи танымындағы хикмет пен сабырлық идеяларын дәріптеу керек және рухани туризмді дамыту арқылы Ясауи мұрасын насихаттау мүмкіндігі туралы айтты. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге белсенді қатысқан қатысушыларға сертификаттар берілді.
