Қош келдің - Наурыз

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары мен медицина колледжінің білім алушылары 2024 жылдың 20 наурыз күні «Қош келдің, Әз - Наурыз» атты мерекелік іс – шарасын ұйымдастырды. Наурыз-жыл басы, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұлттық киім киген оқытушылар мен білім алушылар жолға шыққан «Көш – керуенін» «Наурыз Думан» көрінісі мен қарсы алды. Сән салтанаты жарасқан керуеніміз қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, дінін, қастерлеп насихаттады. Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Көш керуеніміздің қоржынындағы ұлттық тағамдарын, мерекелік тарту ретінде қонақтарымызға ұсынылды. Білім алушылар арасында қазақтың салтына сай айтыс, ұлттық ойындар және қазақ халқының салт дәстүріндегі тұсау кесер рәсімін ұйымдастырды.

20.03.2024, 19:04
227 қаралым