ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМДІ ҚАЛАЙ ӨРЛЕТЕМІЗ?
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сапарбек Мұсаханұлы Саховтың «Әділет» республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетіне «Қоғамдық оптимизмді қалай өрлетеміз?» атты көпшілік қауымға арналған мақаласы жарық көрді.
«Қоғамдық оптимизмді қалай өрлетеміз?» атты мақаланың мақсаты – қоғамдағы позитивті көзқарасты, сенімділікті және үмітті арттыру жолдарын зерттеу. Мақалада келесі аспектілер қарастырылады:
1. Ақпараттық мәдениет: Қоғамда позитивті ақпаратты тарату, жағымды жаңалықтарды насихаттау.
2. Білім беру: Жастарды оптимизмге тәрбиелеу, олардың әлеуметтегі рөлін арттыру.
3. Қоғамдық шаралар: Әлеуметтік жобалар мен акциялар арқылы қоғамды біріктіру.
4. Психологиялық қолдау: Адамдарға психологиялық көмек көрсету, стрессті басқару дағдыларын үйрету.
5. Мысалдар мен үлгі: Табысқа жеткен адамдардың тарихын жариялау, қоғамға үлгі боларлық тұлғаларды таныту.
Аталмыш мақалада осы бағыттар бойынша нақты ұсыныстар мен стратегиялар ұсынылады. Автор өзінің мақаласында коррупция мен ұрлық, қоғамдық идеология, саяси партиялар, саяси мәдениет, діни насихат және т.б. қоғамдағы проблемалық мәселелерге тереңінен тоқталып өткен.
«Қоғамдық оптимизмді қалай өрлетеміз?» атты мақаланың қорытындысы ретінде, қоғамдық оптимизмді арттыру үшін бірнеше негізгі аспектілерді атап өтуге болады:
- әлемдік үлгілі тарихи тәжірибелерді зерттей отырып, халқымыздың алға жетелейтін дәстүрлерін пайдаланып, қоғамдық идеологиямызды жаңғыртып, салаларын анықтап, әр азаматымыз оны білетіндей шаралар қабылдауымыз керек. Осы мақсатты жүзеге асыруда өткендегідей ортаң қол нақын-жазушыларын емес, ірі қоғам қайраткерлерін, қоғамдық ғылымдардың ірі өкілдерін, саяси ұйымдардың лидерлерін жұмылдыру керек;
- ірі, орта өндіріс орындары мен ауылшаруашылығын әрі қарай дамытып, тиімділігі мен еңбек өнімділігін әлемдік жоғарғы көрсеткіштер мен сапаға, ішкі меншік үлесін көбейтуге жылдамдата жылжу керек;
- халықтың тұрмыс жағдайын, әділеттікті, табысын көтере отырып, ұрлықты, коррупцияны, басқа да қылмыстарды аяусыз жаныштап, қоғамдық оптимизмді жылдамдата өрлету шараларын қолға алу керек;
- азаматтардың, өскелең ұрпақтың құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, ғылыми, техникалық мәдениетін көтеру де кешіккенді көтермейтін мәселе.
Биылғы Президентіміз Жолдауында арқау болған құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық ОПТИМИЗМ-нің жүзеге сөзсіз асуы – жұртымыз сана-сезіміндегі бетбұрысқа тікелей байланысты.