ҚАЗҰУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2025 жылдың 16-сәуірде Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Жалпы дәрігерлік тәжірибе" кафедрасының ұйымдастыруымен "Medicine of the future" атты студенттік Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция медицина және денсаулық сақтау факультет деканы Калмаханов С.Б., Жоғары медицина мектебінің директор орынбасары Душимова З Д., ЖДТ кафедра меңгерушісі Курманова Г.М. құттықтау сөздерімен ашылды.
Конференцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "ОҚМА" АҚ, "ҚМУ" КеАҚ білім алушылары, сондай-ақ Жезқазған көпсалалы ауруханасынан, Өзбекстан елінен (Ташкент, Андижан қалаларынан) келген білім алушылары мен дәрігерлері баяндама жасады.
"ЖТД-2" кафедрасының ІЖТДҚ 11-23 топ интерні Зиятбек Ұлпан Шалқарқызы "Вакцинация против ВПЧ: осведомленность населения и перспективы" тақырыбында баяндама оқыды. Ғылыми жетекшілері: Досыбаева Г.Н., Отумбаева Е.Т.
Қазылар алқасы шешімімен жүлделі 2-орын иемденді.
"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының" оқу ісі бойынша проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызы Зиятбек Ұлпанды жүлделі орын алуымен құттықтап, сертификатпен марапаттады.
Осылай ЖТД-2 кафедрасының қоржынында бірінші және екінші орындар. Айта кетейік, осы жылдың 28-ақпанда ҚазҰУ-де болған студенттік конференцияда Сапарғали Ақбілек 1- орын алған болатын. Жеңістеріңіз құтты болсын!
