Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухының шырақшысы» әдеби кеші
2022 жылдың 6- желтоқсанда қазақ тілі мен латын тілі курсы, шет тілдер кафедрасы және әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Ұлт рухының шырақшысы» атты әдеби кеш өткізілді. Алғашқы сөз кезегін әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ Сәлім алды. Ақынның сан қырлы өмір белестері мен өнері жайында , қазақ поэзиясында өзіндік орны бар шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, ақын жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білу керек.
Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт рухының шырақшысы» атты кеште ақынның шығармаларынан үзінділер оқылды. Сонымен қатар ақын өмірі жайында баяндамалар тыңдалды.
Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Қазақ халқының басына түскен сол ауыр жылдары Мұхтар Шаханов етегі жасқа толған қазақ аналарының рухани демеушісі, жұбатушысы болды.
Кеш соңында өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілек айтылды.