Қазақстандағы медициналық оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқу орнымен академиялық ұтқырлық

2023 жылдың 03 сәуірі мен 20 сәуір аралығында екі жоғары оқу орны арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық» мектебінің қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Г.Н. Талиева «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына «Қоршаған орта гигиенасы» пәнінен дәріс оқып, тәжірибелік, ӨБӨЖ сабақтарын жүргізді. Сондай-ақ«Ескертпелі санитарлық қадағалау.Елді мекендерді жоспарлаудың жобалық материалдарын сараптау.Ауылдық елді-мекендерді жоспарлау және салу»тақырыбында TBL әдісін қолдана отырып, ашық сабақ өткізді.Білім алушылар ауылдық елді мекендерді жоспарлауды жобалау негізінде-өндіріскүштерін орналастыру және шаруашылық дамуының келешектік жоспарын жоспарлау жобасы мен ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарларын қарастырды.
«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының ұжымы Г.Н. Талиеваға ұтқырлық бағдарламасы аясында білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

21.04.2023, 14:28
468 қаралым