«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы: Е.Бекмахановтың ғылыми зерттеулері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Ғылым күніне» орай 18 сәуірде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы: Е.Бекмахановтың ғылыми зерттеулері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттердің бойында тарихи сананы жаңғырту және ғылыми ізденушілік мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстелде Е.Бекмахановтың ғылыми еңбектеріне және қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның рухани ғылыми құндылықтарына терең талдау жасалды.
Т.ғ.к.,доцент С.М.Сахов, т.ғ.к.,профессор м.а. Е.Ф.Абдухаимов  Е.Бекмахановтың ғылыми еңбектеріне тоқталып өтті.
В-ПК-02-21 тобының студенті, «Парасат» ұйірмесінің мүшесі, Джаматова Нойла «Қазақтың тұнғыш тарихшы ғалымы - Ермұхан Бекмаханов», В-СТОБ-06-21 тобының студенті Мамедова Наргиз  Е. Бекмахановтың ғылыми зерттеулеріне тоқталып және Тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтарына талдау жасады.

Кітапханалық-ақпараттық орталықтың  оқырмандарға қызмет көрсету сектор меңгерушісі - Ж.К.Балымова «Е.Бекмахановтың ғылыми шығармашылығы» тақырыбында көрмемен таныстырды. «Е.Бекмахановтың ғылыми қызметі» атты бейнеролик көрсетілді.
Дөңгелек үстелде белсенділік танытқан студенттер алғыс хатпен марапатталды.

18.04.2022, 18:03
403 қаралым