«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

«ҚР Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында 5.05.2023ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының және «Заң» үйірмесінің студенттерімен бірге ұйымдастырылуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты –студенттердің бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Дөңгелек үстелдің модераторы, кафедраның аға оқытушысы Л.Т.Махатова жүргізді.
Дөңгелек үстелде ОҚМА білім алушыларына ОҚМА комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлы таныстырылды.
ЖМҚ-06-22 тобының студенті Сансызбай Аян «ҚР сыбайлас жемқорлықты алдын алу» атты тақырыпта баяндама жасады.

Кафедраның аға оқытушы М.М.Маликов ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы заңдарымен терең таныстырып баяндама жасады. Дөңгелек үстелде қызу пікірталас болып, білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, лайықты жауаптары берілді. Утегенов Б.Д. қорытынды жасап, «Таза сессия» өткізу аясында студенттерге ғылыми табыстар мен сәттіліктер тіледі.

05.05.2023, 17:54
690 қаралым