Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесу
24 ақпан 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келді. Академия түлегі Алексей Цойдың ұзақ уақыт бойғы оқу орнына алғаш рет келуі.
Академия мұражайында болып, естеліктерге толы мұражай ішін аралап шықты. Аталмыш музейде Академияның 1979 жылы құрылғанынан бастап тарихи деректері мен экспозициялары сақталған. Академияның Үздік түлегі Алексей Цой өзі білім алған оқу орнының тарихын тамашалап, «Тілек кітабына» өз қолтаңбасын қалдырды.
Цой А.В. Академияның үлкен мәжіліс залында профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық деңгейдегі білім алушыларымен (студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар) кездесіп, сұхбаттасты. Іс-шараны «ОҚМА» АҚ ректоры проф. Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков алғы сөзбен ашты. Залдағы қонақтар мен қатысушылар Академияның жетістіктерімен танысты.
Сондай-ақ Алексей Цой кәсіби қызметіндегі өз тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға кәсіби бағдар берді. «Осы уақытқа дейін біздің Академиядағы сабақтарым мен дәрістерім есімде. Біз қарапайым студенттер едік және әрқайсымыз ғалым, ұлы дәрігер болуды армандадық. Сіздердің әрқайсыларыңызда осындай мүмкіндік бар, ең бастысы-жоғары оқу орнының қоғамдық өміріне қатысуға және жақсы оқуға ниет білдіру», - деді өз сөзінде Алексей Владимирович Цой. ОҚМА білім алушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығыны туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
Іс-шара аясында денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жолдары қаралды.