«Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2023 жылғы 16-17 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылға арналған ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Республикалық жұқпалы аурулар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан, Роспотребнадзордың «Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты» федералдық бюджеттік мекемесі, Ташкент медицина академиясы және «Оңтүстік Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» болды.
Конференция аясында пленарлық, 3 секциялық отырыс, сондай-ақ жас ғалымдар байқауы өткізілді. Аталған ғылыми іс-шараның жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан ғалымдары қатысты, Қазақстан мен Орталық Азиядағы жұқпалы аурулардың өзекті тақырыптары бойынша барлығы 73 баяндама жасалды,онлайн режимінде трансляция жүргізілді.
Конференция Қатысушылар ретінде Қазақстанның әр облыстарынан, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Талдықорған және басқа облыстардан, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларынан 200-ден астам инфекционист, педиатр, эпидемиолог, дәрігер тіркелді.
Конференция алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізілді: инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелерін шешуде инфекционист-дәрігерлердің, эпидемиологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің және басқа да мамандардың күш-жігерін біріктіру, жұқпалы ауруларды емдеу мен алдын алудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде озық тәжірибемен алмасу, ғалымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.