«Қазақстан қорықтары. Ақсу-Жабағылы қорығы» тақырыптары бойынша шолу
2025 жылы 7 сәуір күні «Қазақстан қорықтары. Ақсу-Жабағылы қорығы» тақырыбында үйірме сағаты өтті. Бұл шара студенттерге еліміздің табиғи байлықтарын сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын тереңірек түсіндіруге бағытталған болды. Шара барысында студенттер Қазақстандағы қорықтардың экологиялық маңызы туралы баяндамалар оқып, бейнемазмұн арқылы қорықтардағы флора мен фауна, олардың қорғау жұмыстары жайлы ақпарат алды. Сонымен қатар, қорықтардың маңыздылығы мен оларды сақтау қажеттілігі туралы жалпы мәлімет берілді. Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Наурызым, Барсакелмес, Марқакөл, Алтынемел және Көктерек қорықтары еліміздің табиғи мұрасын сақтауда үлкен рөл атқарады. Шараның ерекше сәті – студенттердің табиғат қорғау тақырыбына арналған өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісуі болды. Оқылған өлеңдер арқылы қорықтардың мәні мен табиғатты қорғаудың жауапкершілігі туралы терең ойлар айтылды. Белсенді студенттер сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Бұл үйірме жұмысы студенттердің экологиялық білімдерін арттырып, табиғат қорғауға деген жауапкершілігін тереңдетуге зор үлес қосты. Шараның нәтижесінде, студенттер табиғатты қорғау ісіне деген ұстанымын қайта қарастырып, оны сақтау жолындағы әр адамның міндетін түсінді.
