Қазақстан медицина жастары еріктілерімен бірге салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы ақпараттық танымдық бейнероликтер

Біз бала кезімізден белсенді өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, денсаулығымызды бақылау туралы естиміз. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының «Туған ел» үйірмесінің мүшелері «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 
Тұрақты физикалық белсенділік физикалық және психикалық денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі, төзімділік пен өнімділікті арттырады, мидың жұмысын жақсартады. Ақыл-ой қабілеттерінің дамуына жағымды әсер ететін тыныш білім беру ойындары да бар. Мұндай ойындардың балалар мен ересектердің дамуына пайдасы-белгілі шындық. Логика, ойлау, есте сақтау, зейін, табандылық, ерік, мінез, жоспарлау, стресске төзімділік, уақытты басқару, бәсекеге қабілеттілік, имидж сияқты мінез-құлық белгілері дамиды.
Студенттер салауатты өмір салты мен спорттың пайдасы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Осылайша, олар өз қатарластарына үлгі көрсетіп, барлығын салауатты өмір салтына шақырады.

09.12.2024, 17:12
122 қаралым