«ҚАЗАҚ АНЕСТЕЗИОЛОГТАР МЕН РЕАНИМАТОЛОГТАР ҚОҒАМЫ» ҚБ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУЫМЕН VII-ШІ КОНГРЕСІ

2024 жылдың 26-27 сәуірінде Түркістан қаласында халықаралық қатысумен «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ VII конгресі өтті.
Конгресс жұмысына Қазақстанның, алыс шетел (Израиль, Испания, Италия, Германия, Бельгия, Франция, Қытай, Жаңа Зеландия, Румыния, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия) және жақын шетелдердің (Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан) жетекші ғалымдары мен практикалық денсаулық сақтау мамандары қатысты.
Конгреске Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының атынан «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының профессоры, көп жылдық тәжірибесі бар анестезиолог - реаниматолог Алдешев Алмас Алдешевич және ассистенттер, анестезиолог - реаниматологтар Әуезханқызы Д., Юнусметов Э. Ш., сондай-ақ «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша 1, 2 және 3 жылғы резиденттер қатысты.
«Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының» төрағасы, м.ғ.д., профессор, Жумадилов Агзам Шаймарданович салтанатты түрде конгресті ашып, профессор А. А. Алдешевтің 75 жылдығымен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол қоғам атынан медицина ғылымы мен білім берудің дамуына қосқан үлесі, анестезиология, реаниматология саласындағы шеберлігі үшін алғысын білдірді. Алмас Алдешевич қатысушылардың әрқайсысына зейіні үшін алғыс айтып, барлығына табыс пен өз ісіне адалдық тіледі!

Конгресс балалар мен ересек науқастарға медициналық көмектің алдыңғы қатарлы медициналық технологияларын, халықаралық танылған сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізу арқылы медициналық қызметтердің кең спектрін ұсыну мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
Конгресс барысында ауыр науқастарға қарқынды терапияны жүргізу мен жүргізудегі пәнаралық мәселелер талқыланды. Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор Жаркинбекова Назира Асанқызы «Оңтүстік Қазақстанда миастения грависі кезінде дағдарыстарды жүргізу тәжірибесі» атты баяндама жасады.

«Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ АРИТБ меңгерушісі, «Медицина» мамандығы бойынша 3-ші оқу жылының PhD докторанты Б.А. Перменов «Кардиореанимация, ЭКМО» секциясында модератор болды және «Клиникалық тәжірибеде ЭКМО оңтайландыру үшін жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ анестезиолог-реаниматолог дәрігері, «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасында резиденттердің тәлімгері Ю.А. Каримов «Клиникалық тәжірибеде реанимация алгоритмдеріне ECLS интеграциялау» тақырыбында баяндама жасады.

Конгресс аясында VII Қазақстан-Израиль симпозиумы және басқа да қосалқы симпозиумдар, жаңа технологиялар жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, неонаталдық медбикелерге арналған секция, жас ғалымдар байқауы өткізілді.

Конгресс соңында барлық қатысушыларға халықаралық қатысумен сертификаттар берілді (16 кредит).

06.05.2024, 16:53
513 қаралым