Қайырымдылық акциясы, «Мейірімді жүрек» «Kzol Shymkent» оңалту орталығы

«Мейірімділік» – адамның ең асыл да бағалы, құнды қасиеттерінің бірі. «Мейірімділік» сөзінің астарында адамгершілік, жанашырлық, жылылық, көмек, сыйластық, сыпайылық, кең пейілділік, имандылық, ибалылық, махаббат секілді толып жатқан ғажап ұғымдар жатыр. Мейірімділік медицина қызметкері үшін ең қажетті қасиеттердің бірі.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің "-дейді қазақ халқы. Яғни, біреуге көмек қолын созу, көмек қажет жандарға білдіретін сүйіспеншілік пен қол ұшын берумен қатар демеу болуы оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың санасын дамыту, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу, балалар мен жасөспiрiмдердiң арман-тілектерiне қол жеткiзулерiне көмек беруге баулу, ата-аналарына қолдау білдіруді үйрету.

07.12.2022ж. Педиатрия-2 кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М, Адильбекова А.Т және «Жалпы медицина» В-ЖМҚА/Б-05-19, В-ЖМҚА/Б -06-19, В-ЖМҚА-07-19 топтарының білім алушылары; «Педиатрия», В-ПҚ-01-18, В-ПҚА/Б -01-19, В-ПҚ-02-19, В-ПҚ-01-20 топтарының білім алушыларының бастамасымен «Kzol Shymkent» оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлау үшін «Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесіне 41- бүлдіршін қатысты.Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер әндерін, тақпақтарын айтып Аяз атадан да сыйлықтар алды. Кеш соңында кафедра ассистенті Онласбекова Г.М және В-ЖМҚБ-05-19 тобының білім алушысы Фазыл Мөлдір ата-аналарға, бүлдіршіндерге тілектерін білдірді және білім алушылардың ұйымдастыруларымен жасалған сыйлықтар бүлдіршіндерге табысталды.

Балалардың ата-аналары да біздің көңіл бөліп, сыйлық жасағанымызды көріп, ерекше сезімге бөленіп, өздерінің жалғыз емес екендігін, қайырымды жандардың қолдауының болатындығын айтып алғыстарын жаудырды.
«Kzol Shymkent» оңалту орталығының м.а директоры Н.И.Байбулатова бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған «Педиатрия-2» кафедрасының ұжымына және барлық білім алушыларға өз атынан және ұжым қызметкерлері атынан қолдау көрсеткендеріне ризашылықтары мен алғысын білдіріп, алғыс хатын табыстады.

Сіздерге зор денсаулық, істеріңізге табыс, жақсы білім алып, ақ халатты абзал жан болуларыңызға, жаңа жылда жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін деген тілегін білдірді.
Алдағы уақытта да қайырымды игі істеріміз көп болсын!!!

13.12.2022, 16:41
487 қаралым