ҚАШЫҚТЫҚ РЕЖИМДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2022 жылдың 25 наурызы мен 12 сәуірі аралығында Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бойынша «ОҚМА» АҚ фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Орынбасарова Кульпан Кенжебаевнаның дәрістері online режимде өткізілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Фармация» мамандығының 1, 2 және 3 курс студенттеріне арналған «Фармакогнозия» және «Ботаника» пәндері бойынша «Құрамында антрацентуындылары бар дәрілік өсімдік шикізаты», «Құрамында иілік заттары бар дәрілік өсімдік шикізаты», «Тозаңдану және ұрықтандыру» және «Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдік шикізаты» тақырыптары бойынша онлайн дәрістерді қамтыды.
Дәріскер белсенді оқыту әдістерін қолданып, сабақты проблемалық дәріс, пресс-конференция түрінде өткізуге қол жеткізді.
Дәріс барысында дәрілік өсімдік шикізатын (ДӨШ) фармакогностикалық талдау әдістері талқыланды. Дәріскер биологиялық белсенді заттарды (ББЗ) ДӨШ-нан бөліп алу жолдарын, сондай-ақ ағзалар мен ұлпаларда жиналуын, өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын жан-жақты баяндап берді. Дәрілік өсімдіктердің медицинада қолданылуына тоқталды.
Студенттерді, өз кезегінде, ББЗ-дың жинақталуы, онтогенез және сыртқы факторлардың әсері, сондай-ақ олардың өсімдік әлемінде таралуы қызықтырды.

Проблемалық лекцияда студенттердің ойлауын белсендіру үшін оқытушы алдын ала проблемалық және ақпараттық сұрақтар дайындады. Мәселені сәтті шешу үшін студенттер оқу ақпаратын жоғары зейінмен қабылдауға, оны тез өңдеуге және шығармашылықпен түрлендіруге, зейіндерін дәрілік өсімдік шикізатының әртүрлі биологиялық белсенді қасиеттеріне, оларды талдау әдістеріне және тақырыпқа қатысты басқа да мәселелерге мобильді түрде аудару керек болды.
Осылайша, мұндай дәрістерді өткізу өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге, серіктес университетпен байланысты одан әрі дамытуға және нығайтуға, фармацевтика саласы үшін жоғары білікті мамандарды дайындау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен нысандарын іздеуге ықпал етеді.

14.04.2022, 15:57
414 қаралым