«Қаржылық қауіпсіздік негіздері» атты дөңгелек үстел
Қаржылық сауаттылық — бұл жеке тұлғалардың қаржылық ресурстарын тиімді басқару, инвестициялау, бюджетті жоспарлау, қарыздарды басқару және қаржылық өнімдер мен қызметтерді түсіну қабілеті. Қаржылық сауаттылық адамдарға өздерінің қаржылық жағдайларын жақсартуға, қаржылық мақсаттарына жетуге және қаржылық қауіптерден қорғануға көмектеседі.
Қаржылық алаяқтықтың алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Айдарбекова Ғ. С. кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция қызметкері Ж. Шахалақовтың қатысуымен «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: студенттерді «қаржылық пирамидалар», лудомания, қаржылық алаяқтық туралы ақпараттандыру және жалпы қаржылық сауаттылық деңгейін айқындау болды.
Дөңгелек үстел барысында студенттермен қаржылық алаяқтықтың түрлері, қаржы пирамидалары, қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық қауіпсіздік шаралары және т.б. мәселелер талқыланды.
Іс-шараның соңында алаяқтармен проблемаларды болдырмау үшін Интернетте және ұялы байланыс арқылы абайлап сөйлесу бойынша ұсыныстар берілді. Полиция қызметкері студенттердің сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау және студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас этикасы мәселелеріне тоқталды.
Полиция қызметкері студенттерге қаржылық алаяқтықтан қорғану бойынша бірқатар ұсыныстарды ескертті:
• банк картаңызды бейтаныс адамдарға бермеңіз;
• карточкалық операциялардың тек жеке қатысуын талап ету;
• PIN кодты немесе SMS хабарламадағы кодты ашпаңыз;
• банктерден немесе өзін туысқан ретінде көрсететін тұлғалардан күмәнді хабарламалар алған кезде ақпаратты нақтылау үшін банкке немесе туыстарына телефон соғу;
• қаржылық алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарлаңыз.