«Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында кездесу

2022 жылдың 28 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.
Аталған шараны модератор Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Тайжанова М.А ашып беріп, келген қонақтармен таныстырып, іс-шара мақсатын атап өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов және оның орынбасары, подполковник Дәурен Бөрібайұлы Тұрғынбай қатысып, жастарымызға студенттер, оқушылар, ата аналары, білім беру орындарының персоналдары және халық арасында кеңінен таралып кеткен «қаржылық пирамидалары», оның зардабы мен салдары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда кеңінен танымал қаржылық пирамидалар жайлы бейнеролик көрсетілді.

Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов жастарымызды барынша алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға, оң шешім қабылдап, әрекет етуге шақырды.

31.10.2022, 10:00
499 қаралым