Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Ескiнiң көзiндей болған қазыналы қарттарымыздың бiр сәтке болса да көңiлiн көтерiп, өмiрiне қуаныш сыйлауда үлкен тәрбиелiк мән атқаратыны белгiлi. Осы мақсатта 23.04.2025 ж. Дене тәрбиесі орталығының топ тәлімгерлері Тугелбай А.Н., Шораева Н.Б. және «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының топ тәлімгерлері Сабитов Т.Ж., Бурхан Е.Ж. №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты салтанатты іс-шара өткізді.
Самайларын ақ шалған аға буын мен бүгінгі ізбасарлары бас қосқан ұрпақтар сабақтастығы жиынында ВМ-МШ-09-23, ВМ-МШ-12-23 және В-ФӨТ -05-23 топтарынан 40-тан аса білім алушылар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар білім алушылар азын-аулақ азық-түлік себеттерін таратты.
Іс-шараның мақсаты: білім алушының бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Мұндай кездесулер адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады, ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтады және жастардың сабақтастық пен тарихи тамырларға құрметтің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектеседі.
