Қариялар - асыл қазынамыз

ТО ЖҚҮ және ӘББ-ның « №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шырынбекова Ш.О. сұранысы бойынша « Глюкометрды қолдануды үйрету және қарттардың артериялық қан қысымын өлшеу әдісін көрсету» мақсатында 2023 жылғы 21 желтоқсан күні сағат 09.00 -14.00 аралығында ОҚМА ЖТД-3 кафедрасының оқытушысы Оралбек Айжан Оралбекқызының ұйымдастырылуымен іс-шара өткізілді. Іс шара барысында Шуашева Е.А.,"Жоғарғы медицина колледжі" еріктілері мен ІЖТДҚ 22-23 дәрігер-интерндері бірге "Қариялар - асыл қазынамыз" атты концерт өткізіп, қарттардың артериялық қан қысымын өлшеп, глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексерді. Концерт соңында қарияларға жаңа жылдық шағын сый-сыяпаттар табысталды. Мерекелік күнге орай,жылы лебіз естіп,сый-сыяпатқа ие болған қамкөңіл жандар бір марқайып, жастарға алғыстарын айтып, баталарын берді. Мекеме директоры Шырынбекова Ш.О ОҚМА ЖТД-3 кафедрасының оқытушысы Оралбек Айжан Оралбекқызы, Шуашева Елизавета Абилгазаевна мен ІЖТДҚ 22-23 дәрігер-интерндерді алғыс хатпен марапаттады.

26.12.2023, 14:59
373 қаралым