«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» тақырыбында іс-шара өткізу
20.11.2023.ж. Фармакогнозия және химиялық пәндер кафедрасы, Фармакогнозия кафедрасы меңгерушісі фарм.ғ.к., проф.м.а., К.К.Орынбасарованың тікелей басшылығымен В-ФҚАБ-01-21, ФҚАБ-02-21, В-ФО-03-21, В-ФҚАБ-01-22, В-ФО-02-22 топтарының студенттері мен топ жетекшілері х.ғ.к., проф.м.а. Алиханова Х.Б., п.ғ.к., доц.м.а. Дильдабекова Л.А., аға оқытушылар Ибрагимова З.Е., Рысымбетова Ж.Қ., оқытушы Әбілова А.А.. Шымкент қаласы білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ, «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» адамдарға деген ықыласы мен көмегін тигізу мақсатында Зообаққа саяхат жасап, жас бүлдіршіндер мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді аңдар мен құстар, бауырымен жорғалаушыларды көрсетіп, аттракциондарда ойнатып, қуанышқа бөлеп сыйлықтар мен тәтті-тағамдар үлестіріп келді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан 4 тәрбиеші: Жунисова Г.Т., Тилегенова Д.Б., Утеева М.А., Сейдахметова А.С.,3-5 шамасындағы 10 бүлдіршін,15 жастан асқан 9 жасөспірім келді. Бұл орталыққа әртүрлі тағдырмен ( ата-анасынан айрылған тұл жетімдер, жарым жартылай жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған т.б.) сот үкімі шыққанша уақытша орналасады екен.
20 қараша «Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай «Барлық әлем сен үшін» тақырыбында 14.11.-20.112023ж күндері өткізілетін апталыққа Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының топ студенттері мен топ жетекшілерінің үлесі орасан зор болды деп айтуға болады.“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім).
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Кембағал үлкен-кішіге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің
Жақсы істерде ұжым боп құралайық
Тақпайды ешкім бұған айып
Сан-саққа шашылатын саусақ болмай
Бірігіп бір жеңнен қол шығарайық
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы бір-біріне жақсылық жасау,адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан
Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Ж.Баласағұн “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
Зообақтағы саяхат соңында, қонақтарымыз тәрбиеші Жунисова Г.Т., жасөспірім Кулинбаев Дидар, Титова Виктория өз алғыстарын білдірді. Қуанышты көңілмен, зор ықыластарын, рахметін айтып тарқастық.