Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы
Әлемде 50 мыңнан астам мамандық бар көрінеді. Оның ішінде аса еленбей, жұртқа көп байқалмайтындары да бар. Солардың бірі – көше тазалаушылар. Тазалық жанашырлары ауа райының қолайсыздығына қарамастан талмай еңбек етеді. Қыстың үскірік аязында жолдар мен аялдамаларды қар - мұздан тазалайды. Ал жаздың аптап ыстығында қаланы шаң-тозаңнан арылтады. Осындай ауыр еңбектің адамдарына МҚАБ-03,04 тобының білім алушыларымен Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бұрхан Е.Ж. қолғабыс көрсету акциясын ұйымдастырды. Көшедегі қоқыстарды қыздар сыпырғымен сыпырып, оларды күрекпен ұлдар жинап көмектесті.
«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» тақырыбында білім алушылармен бірлесіп ұйымдастырылған қайырымдылық акция нәтижесі: жастарды мейірімді, қамқор болуға, қайырымдылық жасаудың жақсы жақтарын сезінді.