Қайырымдылық акциясы
«Жылы жүрек-жомарт қол» Шымкент қаласы әкімдігінің №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қайырымдылық – адамгершіліктің ең асыл қасиеті. Адамның ең асыл да бағалы, құнды қасиеттерінің бірі-қайырымдылық. Адам баласы бір –біріне қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
"Қайырымдылық жылы жүректен "-дейді қазақ халқы. Яғни, балаларға көмек қолын созу, көмек қажет жандарға білдіретін сүйіспеншілік пен қол ұшын берумен қатар демеу болуы, балаларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады.
Іс-шараның мақсаты: интерн-дәрігерлердің санасын дамыту, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу, балалар мен жасөспiрiмдердiң арман-тілектерiне қол жеткiзулерiне көмек беруге баулу, ата-аналарына қолдау білдіруді үйрету. Қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру.
27.12.2023ж. «Жалпы тәжірибелі дәрігер-3» кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М, Баймакова Г.Ш, және 6 курс ІЖТДҚ -19-23, 20-23, 21-23, 24-23 топ интерн-дәрігерлерінің бастамасымен «Шымкент қаласы әкімдігінің №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа жыл мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлау үшін «Жылы жүрек-жомарт қол» акциясы ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесіне 40- бүлдіршін қатысты. Бүлдіршіндер әндерін, жаттауларын айтып, Аяз атадан да сыйлықтар алды. Кеш соңында интерн- дәіргерлердің ұйымдастыруларымен жасалған жаңа жылдық сыйлықтар бүлдіршіндерге табысталды. Балалардың ата-аналары да балаша қуанып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған болашақ дәрігерлерге алғыстарын айтып, көңіл бөліп, уақыт бөліп келгенімізге ерекше қуанып, жанашыр жандардың бар екендігін, қайырымды жандардың қолдауының болатындығын айтып алғыстарын жаудырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ауанасова Камилла Мүсірқызы, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған «Жалпы тәжірибелі дәрігер-3» кафедрасының ассистентеріне,ұжымына және барлық интерн -дәіргерлерге өз атынан және ұжым қызметкерлері атынан қолдау көрсеткендеріне ризашылықтары мен алғысын білдірді.
Сіздерге зор денсаулық, істеріңізге табыс, жақсы білім алып, ақ халатты абзал жан болуларыңызға, жаңа жылда жаңа табыстарға, қайырымдылық істеріміздің жалғасуына тілектеспін деген тілегін білдірді.
Алдағы уақытта да қайырымды игі істеріміз көп болсын!!!