«Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі» тақырыбында қайырымдылық акциясы
2024 жылдың 4 маусымында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің «Мейіргер ісі-1» кафедрасы, сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша білім алушыларының қатысуымен «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жақсылық жасау, қамқорлық көрсету, қарияларды сыйлау, рухани – адамгершілік құндылықтарға бағыттау, қамқорлық жасау арқылы білім алушыларды құндылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара аясында оқытушылар мен білім алушылар концерттік бағдарламамен өнер көрсетті: ән айтып, би биледі, әр өнерді қарияларымыз қошеметпен қарсы алды. Қарттардың қуанышты жүздері мен қариялардың алдағы уақытта тағы осындай іс-шараны қайта сұрауы іс-шараға қатысушылар үшін ең жоғары марапат болды. Біздің қамқорлығымыз олардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтап қана қоймай, олардың әлі де құнды және маңызды екенін көрсетеді.