"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ"

Қайырымдылық – мұқтаж жан¬дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала¬сын-дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», - деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді екен.

Осы орайда фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына қарасты тәлімгерлік топтары және тәлімгелері Шымкент қаласы білім басқармасының "№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына" бардып, іс-шара өткіздіп қайтты.
Орталық 1957 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 70-ке жуық бала тәрбиеленуде. Орталықта тәрбиеленетін балалардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Тәрбиелік іс-шара бірнеше бөлімдерден тұрды. Барлығының жүрегіне жол табу мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, аниматорлар шақырылды.

Концерттік бағдарламадан кейін алаңға шығып, қыздар арасында эстафета, жас өспірім ұлдар арасында футбол ойнатылды. Арнайы мақтау қағаздары, кубоктар және сыйлықтар табысталды.

Кафедраның, студенттердің, «Фармация» факультетінің түлектері және басқа да демеушілер тарапынан жиналған қаражатпен балаларға қажетті кеңсе тауарлар, ойыншықтар, тәтті тағамдар, жеке күтім құралдары алынды.

Балардың көңіл-күйін көтеріп, қайырымдылық іс-шарасын өткізгені үшін балалар үйінің әкімшілігі студенттерге және оқытушыларға үлкен алғысын білдіріп, оқуларына табыс тіледі.

01.12.2023, 14:53
491 қаралым