«Прокурор сағаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі және жасөспірім»
2024 жылдың 13 наурызында ОҚМА-ның үлкен мәжіліс залында Әл-Фараби аудандық прокуратурасының қызметкерлерімен «Прокурор сағаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі және жасөспірім» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Жиналыста: Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры: Исабек Әл-Фараби Ерланұлы
Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары: Мұхаев Серік Алтынханұлы
Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі: Манабаева Балжан Хамидуллаевна
Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Юсупов Хабйбулла Ибадуллаевич қатысты.
Кездесу барысында есірткіні қолданудың салдарын талқыланып, сонымен қатар есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, заң өкілдері әр студенттің сұрақтарына жауап берді.