Профессор Есболған Тегісбаев ОҚМА студенттерін қолдады

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 9 студентіне құрбан айт қарсаңында медициналық ғылыми ортада беделді әрі танымал ғалым және профессор Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев қолдау көрсетті.
ЖОО студенттік кәсіподақ комитетінің төрайымы Б. С. Баимбетова мерейтой иесінің өтініші бойынша келесі студенттерге 10 000 (он мың) теңгеден аударды: Асель Қоныс (В-ФББ-02-21), Құдияр Турсынбек (В-СТКБ-01-21), Қалмағамбет Ақерке (ВЖМБА-06-18), Утебаева Аружан (В-ЖМОБ-10-20), Насрулла Асия (В-ФПА-02-18), Қанатбек Ансар (В-ФПТОА), Әдікерімұлы Дулат (В-АЗМ-06-18), Ахтаева Аружан (В-ФҚБ-02-19), Богдан Арайлым (В-ФҚБ-01-20).
Биыл ОҚМА бірінші ректоры Есболған Тегісбаев 90 жасқа толды. Мерейтойлық іс-шара әкімшіліктің, фармацевтика факультеті деканаты қызметкерлерінің және төрт бейінді кафедра меңгерушілерінің қолдауымен Академияда да өтті. Өткізілген Халықаралық ғылыми конференцияда белгілі ғалымдар ғана емес, сонымен қатар Қазақстан үшін фармацевтикалық кадрларды даярлауда жоғары деңгейін атап өткен білім ордасының әр жылдардағы түлектері де сөз сөйледі.

13.07.2022, 14:59
329 қаралым