Polpharma және ОҚМФА: ынтамақтастық басында
2016 жылы 24 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясына Santo Member of Polpharma Group компанияның делегациясы, сонымен қатар, кәсіпкер және Гданьск қаласында Қазақстанның Құрметті консулы Ежи Старак ресми сапармен келді. Santo Member of Polpharma Group - "Химфарм" АҚ сауда маркасы. Компания сапасы жоғары қолжетімді дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарығына жеткізеді. Polpharmа және ОҚМФА арасында ғылым мен білім салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны жөнінде белгілі. Кездесуде ОҚМФА ғылыми бағыттары, фармацевтикалық кластер туралы ролик көрсетілді, ҚР-да фармацевтикалық саланы даму стратегиясы талқыланды. Старак мырза ОҚМФА геномдық зерттеулер мен дәрілік өсімдіктер зертханаларын көріп шықты. Сонымен қатар, бұл күні жаңа цехта асептикалық ұнтақталған антибиотиктердің бірінші өндірістік желінің салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанатына Польша компаниясының өкілдері мен ОҚМФА басшылығы, оның ішінде ректор Б. Д. Сексенбаев және Б. К.Махатов, Б. К. Нурмашев проректорлары қатысты. Қонақтарға цех ішінде экскурсия өткізіліп, оның жұмыс қағидалары туралы аталып кетті. Қорытындылай келе, кездесу жемісті өтті және тараптар ынтымақтастықты берілген бағытта жалғастыратыны белгілі болды.