Phd докторанттарының Индияның Майсор қаласындағы JSS Фармация Колледжінде ғылыми тағылымдасы
«8D10140-Фармация» факультетінің 2 оқу жылының Phd докторанттары Шойнбаева Г.Б. және Сейдалиева С.Қ. Индияның Майсор қаласында орналасқан JSS Фармация Колледжінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
JSS Фармация колледжі, Майсор Үндістандағы жетекші оқу және ғылыми мекемелердің бірі болып табылады. 1973 жылы құрылған колледж жоғары білім және ғылыми-зерттеу саласында жоғары беделге ие JSS Жоғары білім және зерттеулер академиясының (JSS AHER) бөлігі болып табылады. JSS Фармация Колледжі 2024 жылғы фармация және фармакология бағыты бойынша QS WUR рейтингінде №101-150 орынға ие.
Тағылымдама барысында докторанттар өз ғылыми бағыттары бойынша түрлі дәрістер алып, in vivo және in vitro зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар, Индия мемлекетінде фармация мамандарын даярлау ерекшеліктерімен, JSS Медициналық колледжінің, JSS Ауруханасының, Майсор Университетіндегі IOE Аспаптар орталығының, Ути қаласындағы JSS Фармация Колледжінің құрылымымен және қызметімен танысып, Sami Sabinsa Group, Strides индустриалды зауыттырға экскурсияларға барды.
ОҚМА докторанттарының JSS Фармация колледжінде ғылыми тағылымдамадан өтуі олардың кәсіби дамуының маңызды кезеңі болды және олардың болашақ ғылыми мансабына қуатты серпін берді. Бұл іс-шара ОҚМА мен JSS AHER арасындағы ғылыми байланысты нығайтып қана қоймай, фармацевтикалық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосты. Мұндай бастамалар тұрақты сипатқа ие болып, фармацевтикалық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.