“Педиатрия-2” кафедрасында өткізілген “ «Baby star” білім сайысы
2022 жылы 8- желтоқсанда ОҚМА «Педиатрия-2» кафедрасында, кафедра ассистенттері Адильбекова А.Т, Онласбекова Г.М және В-ЖМҚА-05-19 тобының ұйымдастыруымен «Педиатрия» және «Жалпы Медицина» білім алушылары арасында «Baby star» білім сайысы өткізілді.
Білім сайысына Алматы қаласынан «Академиялық ұтқырлық» аясында келген С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 4курс «Педиатрия» , ОҚМА «Педиатрия» В-ПҚА-01-19, В-ПҚБ-01-19 білім алушылары; «Жалпы медицина» В-ЖМҚБ-05-19, В-ЖМҚА-06-19, В-ЖМҚБ-06-19 топтарының білім алушылары қатысты.
Білім сайысының мақсаты: пән бойынша өткен тақырыптарын бекіту, білім алушылардың білім деңгейін, ой-өрісін, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Білім сайысында білім алушылардың білімін деңгейін бағалаушы әділ-қазылар алқасы:
1. М.М. Дүйсенбаева- Медицина факультеті «Жалпы медицина» БББ бойынша декан орынбасары.
2. Ж.К. Жумабеков «Педиатрия-2» кафедрасының доценті.
3. Л.С. Мукашева «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті.
4. Г.Ш. Баймакова «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенті.
Білім сайысы 6- кезеңнен тұрады. «Таныстыру» ,«Жағдаяттық есеп», «Топ басшылар сайысы», «Кім жылдам» , «Ғажайып алаң», «Өз өнерін көрсету» кезеңдерінен тұрады.
Білім сайысының нәтижесі бойынша топтарды марапаттау мен грамоталар табысталды.
Бас жүлде: КазНМУ «Alma-mater» П19-004 тобы.
1- орын:«Bala med» В-ЖМҚБ-05-19
2- орын: «Спасатели жизни» В-ЖМҚБ-06-19
«Пульс» В-ЖМҚА-06-19
3-орын: «Baby life» В-ПҚА-01-19
«Бала қорғаушылары» В-ПҚБ-01-19
Сонымен қатар номинациялар берілді.
«Үздік топ басшы» - Бейсенов Бахтияр В-ПҚБ-01-19
«Білімді топ» номинациясымен В-ЖМҚБ-06-19 тобы марапатталды.
«Үздік өнер» номинациясымен В-ЖМҚБ-05-19 тобының білім алушысы Фазыл Мөлдір марапатталды.
«Ең белсенді ұйымдастырушы» номинациясымен В-ЖМҚА-05-19 тобы марапатталды.
Бұл сайыс білім алушыларға өте үлкен талпыныс пен білімге деген құштарлықтарын оятты деген сенімдеміз.