Патофизиология академиялық ұтқырлық шеңберінде: ҚММУ-ОҚМФА
2016 жылдың 31.10-11.11 күндері аралығында Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің А.Я Лазарис атындағы патологиялық физиология кафедрасының аға оқытушысы С.М. Аринова академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасына келді.
«Патологиялық физиология» пәні бойынша «Фармация» мамандығының 3 курс студенттеріне күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Екі апталық тәжірибе алмасу барысында «Аллергия», «Ісіктер» тақырыптары бойынша ТВL белсенді оқу әдісімен тәжірибелік сабақ өтті.
«Анемия» тақырыбы бойынша проблемалық дәріс оқылды. Студенттер тақырыптарды талдауда өте белсенді түрде өз білімдерін ортаға салып жақсы қатысты. Белсенді оқыту әдістемелерін қолдану тиімді екендігіне көз жеткіздік.
2016жылдың 11 қараша күні G-global платформасында онлайн режимде «Мен өмірге құштармын!» студенттік ғылыми-тақырыптық конференцияға 304 Б ФК тобы студенті Әтем Балымшамен «Туберкулез–медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді, баяндама дайындалды.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде кафедраның профессорлық-оқытушы құрамымен көптеген тәжірибелермен алмастық. Медициналық жоғары оқу орындарында осындай академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылар арасында тәжірибелер алмасу оң нәтиже береді деп санаймыз.