Парламент мәжіліс депутаты Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлының академия студенттерімен кездесуі

21 ақпан 2022 жылы ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Парламент мәжілісінің депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлының академия қызметкерлері мен студенттері арасында кездесуі өтті.

Іс шараны академия ректоры, проффесор М.Рысбеков ашып беріп, қонақты таныстырды. Сөз кезегін алған Парламент мәжілісінің депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы академияға келіп кызметкерлер мен студенттермен кездесуге куанышты екенінін білдіріп мемлекет тарпапынан жасалып жатқан жұмыстар мен жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында академияның ардагер оқытушылары Н.Жұмабаев, профессор Т.Жұмабаев, гигиена кафедрасының меңгерушісі П.Утепов, қызметкерлердің жалақысы жайында, медицина мамандығында ақылы түрде оқитын студенттердің кредиттерін мемлекет есебінен қаржыландыру сынды өзекті мәселелерін жеткізді.

Парламент мәжіліс депутаты Фахриддин Әбдінабиұлы ОҚМА мұражайларын аралап, 1000 орындық клиниканың макетімен танысып, академия ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

21.02.2022, 21:02
507 қаралым