«ПАРКТЕР ШЕРУІ – 2024» іс-шараға қатысу есебі
Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесіне орай Орталық саябақта Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Мәңгі жаса Жер Ана» тақырыбында «Парктер шеруі-2024» республикалық табиғат қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті . Салтанатты шеруге Қазақ,орыс және латын тілдерінің аға оқытушысы А.С.Жакипованың жетекшілігімен халықаралық факультет студенттері қатысты.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шанның солтүстік бөлігінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Ұлттық парк 2006 жылы 26 қаңтарда ҚР №52 қаулысына орай Төлеби, Түлкібас. Өгем орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерін біріктіру арқылы ұйымдастырылған,
Жыл сайын 23 наурыздан бастап 5 маусымға дейінгі кезеңде табиғат қорғау мекемелері «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын өткізеді. Осы жылы «Парктер шеруі - 2024» табиғат қорғау акциясының ашылу салтанаты Шымкент қаласының Орталық саябағында өтті. Іс шараның мақсаты - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету болып табылады.Өcіп келе жатқан жас ұрпақ буынды табиғатты сүюге, аялауға, көз қарашығындай сақтауға, экологиялық мәселерге оң көзқараспен қарап табиғат тазалығын сақтауға шақыру . «Парктер шеруі табиғат қорғау акциясының ұраны: «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!» Іс-шараның ашылуына белсене қатысқаны үшін А.С.Жакипова алғыс хатпен марапатталды.