Пархат Дусембаевич- академия мақтанышы!

2021 жылдың 11-12 қарашасы аралығында Талдықорған қаласында ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен ҚР ДСМ "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚРМК "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" филиалының құрылуына 70-жыл толуынаорай «Биологиялық қауіпсіздік жүйесінде аса қауіпті инфекциялардың диагностикасы және алдын алу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Ағымдағы 2021 жылдың қараша айында «ОҚМА» АҚ мен ҚР ДСМ "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚРМКарасында ғылыми жұмыстар жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын.
Конференция Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы республикаларының аса жұқпалы инфекциялар ғылыми зерттеу институттары мен медициналық ЖОО жетекші мамандарының қатысуымен өтті.Аталған конференцияда «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Пархат Дусембаевич «Пандемия кезіндегі шетелдік студенттердің тамақтану статусын бағалау» және «Коронавирустық инфекцияның алдын-алудың заманауи әдістері»тақырыптарында баяндама жасады.
Сондай-ақ, конференцияда елімізде санитариялық-эпидемиологиялық және практикалық денсаулық сақтау, соның ішіндеэпидемиология ғылымының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін доцент м.а. Пархат Дусембаевич «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» филиалының 70 жылдығына орай төсбелгімен марапатталды.
Марапатыңыз құтты болсын, Пархат Дусембаевич! Ғылым саласында жаңа идеялар, жетістіктер және ең батыл жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз!

19.11.2021, 15:51
413 қаралым