Парақорлық - дерт, күресу міндет

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бұрхан Елтай Жүнісбекұлы ФӨТ-02-22 топ білім алушыларымен «Парақорлық-дерт, күресу міндет» тақырыбында жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз қөзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабағын ұйымдастырды.
Білім алушыларға адалдық және парасаттылық сияқты рухани құндылықтардың рөлі мен маңызын түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, айқын азаматтық ұстанымды қалыптастыру, мемлекет алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Іс-шараның қорытындысы бойынша еліміздің әрбір азаматы «Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, қоғам өмірінің нормасы» формуласының маңыздылығын терең ұғынуы тиіс деген қорытынды жасалды. Парасаттылық-әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік және рухани мәнге ие болды.

03.06.2024, 10:56
396 қаралым