«ПӘНАРАЛЫҚ НЕВРОЛОГИЯ»

2021 жылғы 18-19 қарашада аралас режимде (онлайн және оффлайн форматтарда) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Пәнаралық неврология" Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияны Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының және Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ОҚМА неврология, психиатрия және психология кафедрасының қызметкерлері ұйымдастырды.
Кафедра меңгерушісі, профессор Н.А. Жаркинбекова бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап бере отырып, ғылыми-тәжірибелік және білім беру форумы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген неврологтардың, кардиологтардың, нейрохирургтардың, терапевттердің, реабилитологтардың, нейрогенетиктердің, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі әріптестердің тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Коронавирустық инфекцияның өршіген пандемиясы жағдайында ғалымдардың бір жарым жылғы жұмысының нәтижелері тыңдалды. Конференция жұмысы барысында сұрақтар талқыланып, ересектерде де, балаларда да жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша нақты кеңестер берілді. Екі күннің ішінде YouTube арнасында 15000-нан астам дәрігер конференция жұмысына қатысты. "Осымен бірнеше жыл қатарынан болжамымыз дәл түсіп жатыр: ақпараттық кеңістікте диалогқа АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның жетекші дәрігерлерін тартамыз", - деп қосты профессор Назира Асанқызы Жаркинбекова.
Конференцияның бірінші күні ОҚМА ректоры, профессор Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков, ҚР ДСМ штаттан тыс бас невропатологы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия курсы бар жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сәуле Тлеубергеновна Туруспекова құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми форумның үлкен ақпараттық және білім беруде маңызы бар екенін және жүйке жүйесі зақымданған науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтіп, қатысушыларға табысты және нәтижелі жұмыс тіледі.
"COVID–19 және неврологиялық асқынулар" секциясында ОҚМА жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Н.Абуова; Астана медициналық университетінің неврология кафедрасының доценті Л.Е.Есжанова; Алматы қ. Қазақстан-Ресей медициналық университетінің профессоры Н.И.Распопова; Мәскеу қ., Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі Э.Ю.Соловьева сөз сөйледі.
Пікірталастар мен сұрақтар "Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануындағы ауырсыну синдромы – диагностика мен емдеудегі жаңа көзқарас" секциясының спикерлерін біріктірді: м.ғ.д., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия курсы бар жүйке аурулары кафедрасының профессоры Е.С.Нұрғожаев, Санкт-Петербург қ. С.М.Киров атындағы Әскери-медицина академиясының жүйке аурулары кафедрасының доценті И.Н.Самарцев, м.ғ.д., неврология, офтальмология және нейрохирургия кафедрасының профессоры Т.Н.Хайбуллин және Оториноларингология "Семей медицина университеті", Семей қ., Абдильманова Б.Р. - Алматы қ. ПІБ ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі, Якупов Э.З. - Қазан мемлекеттік медицина университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, Татарстан, Григолашвили М.А. - профессор, "ҚМУ" ҰББА неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ.
"Нейродегенеративті аурулар" секциясы конференция қатысушыларын ғылыми-негізделген деректермен таныстырған: Қайыржанов Р.Б. - University Colledge of London PhD докторанты, Лондон қ., Ұлыбритания, Каримова А.С. – м.ғ.к., невролог - реабилитолог, Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институты, Алматы қ., Жолдасова Ж.А. - м.ғ.к., невроздар мен Альцгеймер ауруларын емдеу орталығының директоры, Алматы қ., ОҚМА неврология, психиатрия және психология кафедрасының ассистенті-Абдраимова С.О.
"Амбулаториялық невролог мәселелері" секциясының модераторлары: Хайбуллин Т.Н. - м.ғ.д., "Семей медицина университеті" ҰББА неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының профессоры, Жаркинбекова Н.А. – м.ғ.к., профессор, ОҚМА неврология, психиатрия және психология кафедрасының меңгерушісі,  аталған секцияда сондай-ақ №1 ҚА инсульт орталығының меңгерушісі А.С.Қайсарбекова, Нұр-Сұлтан қ., ОҚМА неврология, психиатрия және психология кафедрасының доценті Г.У.Туксанбаева, эпилепсияға қарсы Қазақстан Ұлттық лигасының атқарушы директоры Л.О.Даирбаева сөз сөйледі.
Конференцияның екінші күні "Қазақстан Республикасындағы инсульт қызметінің жағдайы. Жіті церебральді жеткіліксіздік терапиясының заманауи мүмкіндіктері" тақырыбында инсульт мәселелері жөніндегі Республикалық үйлестіру орталығының директоры Е.Б.Адильбеков; Қазақстан-Ресей медициналық университетінің "Неврология және нейрореабилитация" біліктілікті арттыру циклдерінің жетекшісі А.С. Құдайбергенова, Алматы қ., жоғары санатты дәрігер, Angelsinitiative бастамаларының консультанты Л. Приступюк, Германия; Академик Павлов атындағы Санкт-Петербург медициналық университетінің жүйке аурулары кафедрасының доценті О.В. Камаева; Шымкент қ. Облыстық клиникалық аурухананың нейрорадиологы, жоғары санатты дәрігер В.Ш.Навесова; Мәскеу қ. невролог-сомнолог дәрігері, жоғары санатты дәрігер, ДеВита клиникасының сарапшысы Зотова Н.П.; Балтимор, АҚШ, Дүниежүзілік нейросонографиялық топтың Вице-басшысы, PhD докторы, FAHA, Specialty Care бойынша Neuro Care директоры, Neurosonology Research Group (NSRG) World Federation of Neurology (WFN) хатшысы-Разумовский Алекс, сөз сөйледі.
Конференцияда Демин Т.В., Старостина Г.Х. "Ишемиялық инсульттің Реперфузиялық тромболитикалық терапиясы. Body Interact жүйесіндегі клиникалық жағдайларды талдау" тақырыбында мастер-классы өткізді. Қазан қ., Татарстан.
"Демиелиндеуші аурулар" секциясында қызықты баяндамалар тыңдалды, онда: м.ғ.к., Денсаулық сақтау басқармасының бас неврологы  №1 көпсалалы қалалық аурухананың жүйке жүйесінің шашыраңқы склерозы және аутоиммундық аурулары орталығының жетекшісі Сыздыкова Б.Р., Нұр-Сұлтан қ.; м.ғ.д., Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ярославль мемлекеттік медицина университетінің жүйке аурулары медициналық генетикасы және нейрохирургиясы кафедрасының профессоры Д.С. Касаткин, Ярославль қ.;  академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің неврология кафедрасының доценті, Санкт-Петербург қ., Ресей В.С. Краснов сөз сөйледі.
"Пәнаралық неврология" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылар форумды түрлі алаңдарда жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ірі медициналық клиникаларда өткізудің маңыздылығын атап өтті. Жетекші дәрігерлер қазіргі жағдаймен бөлісіп, тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайтуы керек.
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар жіберілді.

29.11.2021, 22:22
553 қаралым