«ҚОЗҒАЛЫС БҰЗЫЛУЫНЫҢ НЕЙРОГЕНЕТИКАСЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИҒА»
2019 жылы 11-13 наурыз аралығында Облыстық клиникалық ауруханасында Ұлыбританиядан келген нейрогенетик-ғалымдардың қатысуымен «Нейрогенетика және паркинсонизм» ғылыми-практикалық семинар өтті. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен Шымкент қаласына University College London Неврология институты нейрогенетика зертханасының басшысы, неврология және нейрохирургия профессоры Генри Холден және оның әріптесі, сол ЖОО-ның докторанты Қазақстандық Қайыржанов Рауан Багданұлы келді.
Генри Холден Оңтүстік Қазақстандық неврологтармен тәжірибесімен бөлісті, нейрогенетикалық аурулардың ауыр түріне шалдыққан науқастарды қабылдады.
Өткізілген семинарға меңгеруші Жаркинбаева Н.А. бастаған ОҚМА неврология, психиатрия және психология кафедрасы белсенді атсалысты.
Кафедраның профессорлар және оқытушылар құрамы және резиденттері аталған аурулардың нейрогенетикалық патологиясына шалдыққан науқастарды іріктеумен айналысты.