«Отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу
2024 жылы 24 қыркүйек күні Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.Кездесуге "Шаңырақ" жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы" ҚБ басшысы Байзахова Сабира Мұратқызы, "Мерейлі отбасы" байқауының 2024 ж лауреаты, Шымкент қаласы әйелдер кеңесінің мүшесі Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы, Шымкент ҚПД, Әл- Фараби АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Назерке Нұрланқызы, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының маманы Жүргенбаева Назира және студенттермен Жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – зорлық-зомбылық жалпыға ортақ мәселе және бұл аналардың қасіреті, бұл – бүлінген тағдырлар. Келешекте өзі құрған шаңырақты шайқалтпасын десек, қыз баланың тәрбиесімен бірге, ұл баланың тәрбиесіне ерте жастан көңіл бөлу қажет. Әр жеткіншек қыз бала мен ананы сыйлауды, әйел затын қадірлеуді бала күнінен бойына сіңіріп өссе, отбасында зорлық-зомбылыққа орын болмас еді.
Қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға бейжай қарамай құқық бұзушылықпен, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әрбір азаматтың өз ар-ұяты алдындағы борышы екенің полиция лейтенанты Төлеген Назерке Нұрланқызы айтып өтіп студенттерді спортпен шұғылдануға және білімді болуға шақырды.