«Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз» атты дөңгелек үстел
2024 жылдың 03 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызының ұйымдастырумен BM-СҚАБ-01-23 2-курс студенттерімен «Отбасы күніне» орай дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін "Отбасы күні" мейрамына орай студенттермен сұрақ- жауап жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аға оқытушы әрі психолог маман А.А.Мырзазия, аға оқытушы А.Ж. Ибраимова, кафедра меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева іс-шараны ашып, жоспар бойынша отбасылық өмірге дайындау, Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау мақсатында іс-шараны жүргізген болатын.
Мерекені атап өту арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, және отбасы мүшелерін бір-бірін құрметтеуге үйрету сияқты мәселелер қамтылған.
Қазіргі қоғамда ажырасудың артуы, отбасындағы зорлық-зомбылық, балалардың қараусыз қалуы сияқты жағымсыз құбылыстардың алдын алу қажеттігіне ерекше көңіл бөлінген. Бүгінгі іс- шара осы мәселелерді психолог маманмен әрі студенттердің жеке ойын біліп, топпен талқылау үшін ұйымдастырылған болатын. Мереке соңы блиц-сұрақтармен, отбасылық кеңестерімен салтанатты түрде жабылды.