Отбасы күніне арналған іс-шара

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында 2024 жылы 2-8 қыркүйек аралағында Отбасы күніне арналған апталық өтті.Апта аясында “Отбасылық дәстүрлер”, “Отбасын жоспарлау”, “Саналы түрде ата-ана болу”, “Дені сау ұрпақ”, “Мықты отбасы- мықты мемлекеттің кепілі”, “Отбасылық әл-ауқат”, “Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция" осы бағыттар бойынша іс шаралар өткізілді.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызының ұйымдастырумен BM-СҚАБ-01-23 2-курс студенттерімен «Отбасы күніне» орай дөңгелек үстел өтті. "Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз болашақты құрамыз" тақырыбында атаулы күнге орай студенттермен сұрақ- жауап жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

03.09-04.09.24ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Акушерлік және гинекология» кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4-курс білім алушылары арасында «Отбасын жоспарлау» және «Саналы түрде ата-ана атану» тақырыптары бойынша, жоспардан тыс тәрбие сағаты түріндегі іс-шара өткізілді. 5 қыркүйек күні “Дені сау ұрпақ” бағыты бойынша Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен академия білім алушыларының арасында спорттың қол күрес және арқан тарту түрлерінен спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада білім алушылар белсенділік танытты. «Инженерлік пәндер» кафедрасында «Отбасылық әл-ауқат», «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция» тақырыптары бойынша іс-шара өткізілді.

10.09.2024, 16:47
325 қаралым