Отбасы денсаулығы – XXI ғасыр

 

«Отбасы денсаулығы – XXI ғасыр» атты Орал регионалды тағам орталығының ұйымдастыруымен (Пермь қ.) халықаралық ғылыми-практикалық конфенренциясы болып өтті. Аталған форуммен фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы 2005 жылдан бері қарым-қатынаста болып, материалдар жинағына ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялап келеді.  Сочи қаласында өткен конференцияға қатысуға біз алғаш рет мүмкіндік алдық.

558 3 3

Форум тәжірибе алмасу, қызу пікір-талас аренасы болып табылып, онда нақты мәселелер, медициналық экология саласындағы сұрақтар, фундаментальды медика-биологиялық зерттеулер, отбасы денсаулығының клиникалық аспекттері: отбасылық медицина, терапия,  хирургия, педиатрия, стоматология, акушерлік және гинекология, неврология, травматология және ортопедия, иммунология және аллергология, отбасының психофизиологиялық мәселелері, тамақтанудың өзекті мәселелері, жас балалар және ересек тұрғындар денсаулығының гигиеналық және эпидемиологиялық аспекттері, клиникалық фармакология, фармацевтика ғылымдары және т.б. талқыланды.

558 1 1

Кафедраның ғылыми бағыты бойынша біз дайындаған үш баяндамалар форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Атап айтқанда, бисопрололдың химия–токсикологиялық, Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін Семенов семізоты және Күйдіргіш қалақай дәрілік өсімдік шикізаттарының морфолого-анатомиялық және  фитохимиялық зерттеу нәтижелері баяндалды.

558 2 2

Конференция материалдары «Отбасы денсаулығы – XXI ғасыр» электронды кезекті басылымына қосымша түрінде жарияланды,бұл басылымды Ресей федерациясының ЖАК рецензиялайды және РИНЦ,  ВИНИТИ, Urlich periodicals directory (USA), Crossref (DOI), IC Journals Master List (Коперник индексі) базаларына енген.

 

16.05.2015, 05:02
560 қаралым