Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні
2015 жылдың 4 мамырында акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасында кафедра меңгерушісі Югай Н.В. басшылығымен профессорлы-оқытушылар құрамы және тәлімгерлік топтардың қатысуымен «Отан қорғаушылар қүні», «Жеңіс күніне» арналған дөңелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылып, әрі қарай жалғасын тапты.
Кафедра меңгерушісі Югай Н.В. барлығын мейраммен құттықтап, Жеңіс біздің елге қымбат құнмен келгенін айтты. Көптеген біздің жақындарымыз, туыстарымыз майдан алаңында қалды. Олар біз үшін шексіз ерліктің, патриоттық сезімнің, батырлықтың үлгісі болып қалды. Олардың Отанына деген махаббаты қатыгез жауын жеңуге көмектесті. Біз ата-бабамыздың ерлігімен мақтанамыз. Бүгін біз оларды еске аламыз. Сіздерге үлкен алғыспен бас иеміз. Барлығыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Майдангерлер жолымен жүргендерге денсаулық тілейміз. Біздің жерімізге тыныштық пен бейбітшілік тілейміз.
Ассиситент Салхожаева К.К. қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында белсенді қатысқанын айтты. Қазақстандықтар ерлікпен Ленинградта, Сталинградта және Берлинді басып алғанда шайқасты.
Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз медальімен марапатталған алғашқы Кеңес Одағы Шығысының әйел азаматтары – Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сынды қазақ қыздары болды.
9 мамыр – бұл ең құнды мейрамдардың бірі. Барлық ардагерлерге үлкен алғыспен бас иеміз.
Интерн-дәрігер Алимбаева Мөлдір – біз соғыстан кейінгі жылдардың ұрпағымыз, ардагерлердің, соғыстан қайтқан адамдардың біз үшін істеген ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Олардың ерліктерімен мақтанамыз. Жеңіскерлердің лайықты ұрпағы болатынымзға сенімдімін.
Жеңіс күні – ешкім ұмытпайтын мейрам.
Интерн-дәрігерлер Жеңіс күні әнін шырқап, өлең жолдарын оқыды.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Югай Н.В.
Тәрбие жұмысына жауапты Айтбекова А.М.