Қос жеңісіміз құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Үздік жастар»  сыйлығы өткізілді. Аталған байқау бойынша 150 үміткер құжат тапсырып, түрлі номинациялар бойынша бақ сынасты. Әрине, мұндай жоғары деңгейдегі байқауларға қатысу үшін де жетістіктердің де жоғары болуы шарт. Осы тұрғыда 2017 жылдың қорытындысы бойынша  академия үшін қуанышпен аяқталуда. Себебі, жақында ғана «Үздік ғалым» номинациясын иеленген біздің оқу орнымыздың студенті болатын. Енді, міне, сонша үміткердің ішінен басып озып «Үздік студент» номинациясын фармацевтика факультеті, 5 курс, 502 ФК тобының студенті Жұмабаев Нұрдәулет иеленсе, «Үздік ерікті» номинациясын медицина факультетінің 3 курс 302 СДК тобының студенті Байтөреева Нұрила иеленді.

12171218

 

Нұрдәулет те, Нұрила да республика көлемінде ғана емес, халықаралық дәрежедегі шараларға қатысып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүреді. Оқуда да озат студенттер. Жеңістерің құтты болсын дей келе, иеленген атаққа әбден лайықтысыңдар деген сенімдеміз

12191220

27.12.2017, 05:55
240 қаралым