ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

2023 ж. 6-8 қыркүйек аралығында Астанада қаласында алғаш рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, симпозиумдар өткізілді, қазақстандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізуге және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалар талқыланды.

Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер сөз сөйледі.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицпетивті терапия, әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру: сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология, онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: тәжірибе, білім және ғылым.

«Шұғыл медицина және мейіргер дела» кафедрасының меңгерушісі Айзат Әшімханқызы Сейдахметова «Науқастардың қанағаттанушылығын арттыру үшін дизайн сервисін қолдану» атты баяндама жасап, халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесімен, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті. Талқылау барысында конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар алынды.

13.09.2023, 14:33
389 қаралым