«Ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұралары» атты ғылыми семинар
7.04. – 18.04.2025 жыл аралығында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD Нуржанбаева Жанат Оралбайкызы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында академиялық ұтқырлық бойынша іс сапарда болды.
Мақсаты: Оқытушылардың кәсіби, ғылыми және мәдени дамуын қамтамасыз ету, сонымен қатар білім сапасын арттыру болып табылады.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану институның ғалымдарымен бірлесе ұйымдастырылған «Ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұралары» атты ғылыми семинарға қатысып, тәжірибе бөлісті.
Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығымен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ММФ және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылып, өткізілді.
Шара барысында ортағасырлық түркі медицинасы туралы жазба деректер, олардың тарихи маңызы мен қазіргі медицина ғылымымен байланысы талқыланды. Ғылыми семинарға профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысып, түркілердің көне медицина тәжірибесі, көне медициналық қолжазбалар және олардың қазіргі замандағы маңызы туралы жетекші ғалымдардың баяндамаларын ерекше ықыласпен тыңдады. Баяндамашылар тарих, медицина және бабалар мұрасына қатысты өте қызықты және танымдық материал ұсынды.
Сонымен қатар, университеттің 95 жыл толуына орай Ғылым күніне ұйымдастырылған студенттердің Халықаралық олимпиадасына кафедрамыздың «Veritas Medica» командасына ғылыми жетекшілік жасап, 3 –ші орынға қол жеткізілді.
Тәжірибе алмасу барысында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім алушыларға дәрістер оқылды.
Академиялық ұтқырлық барысында ғылыми шығармашылық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына белсене қатысып, тәжірибе алмасты.
Академиялық ұтқырлық – тек білім алу мүмкіндігі ғана емес, бұл – жаңа әлеммен танысудың, көзқарас кеңейтудің, нағыз маман болып қалыптасудың жолы болып табылады.
