Орфандық аурулардың диагностикасы және емі: Қиындықтар мен жетістіктер
2025 жылдың 28-ақпанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасы ұйымдастыруымен Орфандық (сирек кездесетін) аурулар күніне арналған «ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ: ШАҚЫРУЛАР ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР» атты халықаралық студенттік конференция өтті. Бұл шара сирек кездесетін аурулар, олардың диагностикасы, емдеу әдістері және пациенттерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған. Қазақстанда және әлемде бұл мәселе медицина қауымдастығының, мемлекеттік құрылымдардың және ғылыми ұйымдардың ерекше назарын талап етеді.
Конференцияға Қазақстан және Қырғыз Республикасының медициналық ЖОО білім алушылары қызықты ғылыми жұмыстарымен бөлісті.
«ЖТД-2» кафедрасының 01-23 тобының дәрігер-интерні Сапарғали Ақбілек «Бейспецификалық аортоартериитті біріншілік анықтау (Такаясу ауруы)» тақырыбында баяндама жасады, ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы, медицина магистрі Отумбаева Еңлік Тойлыбекқызы.
Сапарғали Ақбілек өз баяндамасында тақырыпты аша білді, жалпы дәрігерлердің тәжірибесінде кездесуі мүмкін орфанды аурудың өзектілігі мен мағыздылығын атап өтті.
Қазылар алқасының шешімімен Сапарғали Ақбілек бірінші орынды иеленді.
Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы Сапарғали Ақбілекті жүлделі орын алуымен құттықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарда жетістіктер тіледі.
