«Оқытудың интербелсенді әдіс тәсілдері» атты әдістемелік семинар
2023 жылдың 22 қарашасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары әдістемелік көмек пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру мақсатында «ОҚМА» АҚ медициналық колледжінде қалалық орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қатысушылар: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары және «Шымкент мамандандырылған колледжінің» оқытушылары болды.
Әдістемелік семинардың мақсаты: оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңартылған педагогикалық технологиялар арқылы білім алушылар мен оқытушылардың біліктілігін жетілдіру, дербестік, ізденімпаздық, шығармашылық, құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Махатова Лейла Талғатқызы «Оқу жүйесіндегі белсенді оқу тәсілдерін қолдану» атты тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Семинар барысында білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдері қамтылып, оқыту сапасын арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар өздеріне қызықтырған сауалдарды қойып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісіп, болашақ педагогтар өздеріне қажетті тың ақпарат алып, интербелсенді оқытудың тиімділігі туралы айтып өтті.