Оқытудың интербелсенді әдіс тәсілдері
Халық даналығында "Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап, қайыспас қанат сыйлайды"- деп бекер айтылмаған. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда жастарымыздың білімін, қабілетін, талантын дамыту оқытушылардың басты міндеті болып отыр. Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын ең тиімді жолы сабақта жаңа әдістерді пайдалану.
Осы бағытта 2023 жылдың 22 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ жанындағы медицина колледжінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының үйымдастыруымен «Оқытудың интербелсенді әдіс тәсілдері» атты қалалық жоғары және орта оқу орындары арасындағы әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – қоғамдық пәндер» кафедралары және “Шымкент мамандырылған колледжінің оқытушылары қатысты. Семинар аясында аталған колледж және кафедралардың оқытушылары Н.Б. Бекен «Жоғары оқу орындарында білім беру кеңістігіндегі гуманитарлық технологияларды жетілдіру: факторлар, проблемалар және перспективалар», Е.Бұрхан «Оқыту мен оқудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер», Л.Т.Махатовалардың «Оқу жүйесіндегі белсенді оқу тәсілдерін қолдану» тақырыбындағы өте қызықты әрі керекті әдіс-тәсілдері талқыланды. Оқытушылар семинар соңында өз пікірлерін айтып, ризашылығын білдірді.