Оқу үдерісін ұйымдастыру
Фото:elements.envato.com
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының шешіміне сәйкес 2021-2022 оқу жылы кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін дәстүрлі форматта өтетін болады.
Барлық пәндер бойынша дәрістер ОНЛАЙН режимде, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар дәстүрлі форматта, яғни көзбе-көз, аудиторияларда өтеді.
Сабақтар аудиторияларды желдету және дезинфекциялау аралықтарын ескере отырып өткізіледі. Оқу сабақтары арасында ауаны залалсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитариялық өңдеуді жүргізу үшін жеткілікті үзілістер көзделген.
Қазақстанға келген шетелдік студенттер 14 күндік карантинде болуы тиіс, сондықтан осы кезеңде олар онлайн режимде оқитын болады.
Академия және медициналық колледж білім алушыларын клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына вакцинация паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған кезде жіберу көзделген(тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде covid-19-бен ауырған адамдарды қоспағанда, қол қойылған ақпараттандырылған келісім болған кезде рұқсат етіледі)
Санитариялық-эпидемиологиялық режим (СЭР)талаптарын сақтау
Дене шынықтыру сабақтарын қоспағанда, сабақ уақытында аудиторияларда болған кезеңде бетперде режимін сақтау қажет.
Академия аумағына, оқу корпустарына, кітапханалар мен жатақханаларға кірген кезде Ashyq қосымшасын міндетті түрде пайдалану талап етіледі.
Академияға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген тәртіпке сәйкес білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер, ата-аналар (заңды қамқоршылар), сканерлеу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолдануға арналған бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық платформаларда "жасыл" немесе "көк" арнайы QR-коды бар басқа да келушілер (қажет болған жағдайда) жіберіледі.
Білім алушылардан, педагогтардан, қызметкерлерден, ата-аналардан (заңды қамқоршылардан) және басқа да келушілерден covid-19-ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеудің болуы талап етілмейді.
50-ден астам адам қатысатын мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ сабақтар аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақтылы босатылуын бақылауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет.