ОҚМА Самарқандтағы медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін ІІІ Халықаралық олимпиадасының номинациялары бойынша үздік деп танылды

2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде «Самарқанд-2020» медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін ІІІ Халықаралық олимпиада өтті, онда онлайн қатысушы студенттер саны 2500-ден, ал офлайн – 470-тен асты.

Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері қатысты. Үздіктер дипломдармен марапатталды:

І орын – «Үздік ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша Хабибуллаев Ш. ғылыми жетекшісі: Бекмурзаева Эльмира Қуанышқызы, м.ғ.д., профессор

І орын – «Қалыпты анатомия» - Урманов Д. ғылыми жетекшілері: м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Баймахан Дильбарханович, м.ғ.к., профессор м. а. Мурзанова Динара Альпеновна.

ІІ орын – «Биохимия» Ибрагимова Ф. ғылыми жетекшілері: х.ғ.к., профессор м.а. Аблаева Захро Юлдашевна, Ордабекова Асмира Балтабайқызы.

ІІ орын – «Балалар стоматологиясы» Есболова А. ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров Асылбек Баядилович.

ІІ орын – «Ортопедиялық стоматология» Хабибуллаева Д. ғылыми жетекшісі: м. ғ. к., доцент м. а. Шукпаров Асылбек Баядилович.

ІІІ орын – «Фармакология» Ибрахимұлы Ғ. ғылыми жетекшісі: фарм.ғ.к., қауымд. профессор Токсанбаева Жанат Садибековна, фарм.ғ.к., доцент м.а. Ибрагимова Айгуль Гаффаровна.

«Медицина саласындағы ағылшын тілі-үздік баяндамашы» номинациясы бойынша жеңімпаз Орынбек А. ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров Асылбек Баядилович

«Терапевтік стоматология - үздік клиникалық ойлау» номинациясында Өтеген Н. ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., доцент м. а. Шукпаров Асылбек Баядилович.

«Жұқпалы аурулар-ең білімді студент» номинациясында - Тұрсынханов Д. ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., профессор Абуова Гульжан Наркеновна.

«Микробиология - үздік ауызша жауап» номинациясы бойынша Рустамжанов С. жүлдегері атанды. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы.

Жыл сайын ғылыми процеске жетекшілермен бірге қатысатын ОҚМА студенттік жастары Самарқандтағы ТМД елдерінің медициналық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады! Барлық үміткерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

20.12.2022, 16:34
385 қаралым