ОҚМА ОҚЫТУШЫСЫ М.П.АРГИМБЕКТIҢ МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының оқытушысы М.П.Аргимбек 2022 жылдың 28 ақпаны мен 11 наурызы аралығында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде», «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында «Жалпы медицина», "Стоматология" мамандығының 2 курс студенттеріне қазақ тілінде, «Микробиология жане иммунология-2» пәнінен, келесі тақырыптар бойынша онлайн тәжірибелік сабақтар өткізілді:
1. Патогенді және шартты патогенді коринебактериялар. Дифтерияның қоздырғыштары. Зертханалық диагностика. Спецификалық алдын алу және емдеу
2. Адаптивті иммунитеттің жасушалық формасы.
3. Зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары (оба, туляремия).
4. Иммундық жүйе жасушаларының кооперациясы. Жасуша аралық қатынас молекулалары. Цитокиндер.

18.03.2022, 11:38
574 қаралым